Created: 24 Шiлде 2019
1404

Біз туралы

Бәйдiбек аудандық орталық ауруханасы

 

Ауданымыздың  алғашқы медициналық қызмет көрсету орны  Ленинград интелегенттерiнiң үндеуiмен келген дәрiгер Бессмертныйдан басталады. 

 

1928 жылдары ,,Центр,,-де қазiргi ,,Таңатар,, ауылында аурухана ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. Сол кездерi екiншi аурухана бұрынғы Сталин колхозында, қазiргi Боралдай ауылында  болатын.

 

Центрдегi аудандық аурухана 1952 жылы Шаяндағы жаңа соғылған жайға орналасты. 1957 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлiмi тарап, аудандық аурухананың  бас дәрiгерi Н.Р.Орахов аудан медицинасына басшылық жасады.

 

Алғашқыда 10 төсек орын болып құрылған аудандық аурухананың бүгiнгi төсек орын саны- 130 орындық.1987 жылы соғылған арнайы жайға орналасқан.

 

Халыққа терапия, хирургия, балалар, босану, гинекология , жандандыру, жедел жәрдем бөлiмдерiмен қоса , медицина саласының  көптеген басқа түрлерi бойынша қызмет көрсетiледi.

 

Атап айтқанда физиотерапия,рефлексотерапия,/инемен емдеу/ лазермен емдеу, УЗИ, эндоскопия,рентгенодиагностика, қан құю, барокамера.

 

Аудан медицина саласына басшы болған азаматтар:

Н.Орахов, Б.…жиев, Филиппенко, Подальго, К.Торебеков.

1967-1970 жылдар аралығында басшы болған

Бегалы Айтмамбетов, С.Адырбаев,

1971-1985 жылдар аралығында Серперов

1986 – 1991жж. - С.Ниязбеков,

1991 - 2007 жж. П.Тулыбеков

2008 – 2014жж. Б.Мырзагелдиев

2014-2015 – Е.Турабеков

2015 – 2017ж. маусым айына дейін – Г.Шардарбекова

2017ж. маусым айынан бастап – 2018ж. 16 қаңтарға  дейін Е.Турабеков

2018ж. 10.04 бастап – Г.Шардарбекова  Бас дәрігер қызметін атқарып   келеді

 

 

2017ж. қыркүйек айында Облыс Әкімі Ж.Түймебаевтың Қаулысымен «Бәйдібек аудандық емхана»  мен аурухана қосылып «Бәйдібек аудандық орталық аурухана МКҚК»  болып қайта құрылды.

 

2018ж. мамыр айынан бастап ОДСБ-ның  бұйрығымен ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  ШАРУАШЫЛЫҚ  ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ   «БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ   ОРТАЛЫҚ  АУРУХАНАСЫ»  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  КӘСІПОРЫНЫ болып өзгертілді.