Created: 19 Тамыз 2022
294

СКРИНИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 87-бабына сәйкес, жұмыс берушілер жұмысшыларының скринингтерден өту үшін  жұмыс уақыты кезеңінде лауазымын және орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз жіберуі керек.

Профилактикалық тексерулердің арқасында қатерлі ауруларды ерте кезеңде анықтап, уақтылы емдеуді бастауға болады. Ол үшін тұрғындар бекітілген емханасында учаскелік мейірбикенің шақыруы бойынша скринингтен уақтылы өткені жөн.

Сонымен скринингтік зерттеулердің түрлері және нысаналы топтарға тоқталса,

  • 30-39 жас аралығындағы әйелдер мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін скринингтен өтеді. Темекіні пайдалануға, дұрыс тамақтанбауға, дене белсенділігінің төмен болуына немесе алкогольді шамадан тыс тұтынуға байланысты пациентке салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану жөнінде кеңестер беріледі. Скрининг жүргізу кезінде пациенттің денсаулығы тексеріледі. Созылмалы аурулар немесе олардың даму қаупі анықталған жағдайда пациентті дәрігерлердің қадағалауына қояды, қажетті емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі.
  • 40-тан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және глаукоманы ерте анықтауға арналған скринингтен өтеді. Қан қысымының, холестериннің, қан глюкозасының деңгейі және дене салмағының индексі анықталады. Скрининг осы аурулардың дамуын болдырмауға және қауіп тобындағы пациенттерді бақылауға жүргізіледі, қажет болған жағдайда – есепке алуға және емдеу мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруы бойынша 132 ауру, қант диабеті бойынша 11 ауру, глаукома бойынша 11 ауру табылып, есепке алынып қажетті дәрі дәрмектермен қамтамасыз етілуде.
  • 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер жатыр мойны обырын ерте анықтауға тексеруден өтеді, оның ішінде ПАП-тест немесе тереңдетілген диагностика – (бейне) кольпоскопия, биопсия және гистология, бейінді мамандардың консультациясын алады. Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша 104 ауру анықталып, табылған ауруларға сауықтыру шаралары жүргізіліп жатыр.Оның ішінде 1 қатерлі ісік анықталып қажетті ем-шараларын қабылдауда.
  • Әйелдер 40 жастан 70 жасқа дейін сүт безі обырын ерте анықтау үшін тексеруден өтеді – екі проекциядағы маммография. Қажет болған жағдайда тереңдетілген диагностика – нысаналы маммография, сүт бездерінің УДЗ-і, трепанобиопсия, пункциялық немесе аспирациялық биопсия, гистология, бейінді мамандардың консультациясы. Сүт безі обыры бойынша 555 ауру анықталып,қажетті тексерістерден өтіп сауықтыру шаралары жүргізіліп жатыр.Оның ішінде 1 қатерлі ісік анықталып тиісті ем-шараларын жүргізуде.
  • 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер гемокульт-тест көмегімен колоректальды обырды ерте анықтауға тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда тереңдетілген диагностика – жаппай бейне колоноскопия, оның ішінде наркозбен, эндоскопиялық шертпелі биопсия, гистология, мамандардың консультациясы жүргізіледі. Колоректальды обыр ( тік және тоқ ішек қатерлі ісігі) бойынша 25 ауру анықталып, қажетті тексерулерден өтті.оның ішінде 2 аденоз, 1 қатерлі ісік ауруы анықталды.

 Қазіргі медицинада аурудың алдын-алу маңызды. Осыған байланысты  елімізде балалардың денсаулығы назарға алынып, қажетті іс-шаралар жасалуда.Бәйдібек ауданы бойынша 0-17 жас аралығы бойынша профилақтикалық тесерулерден 1710 баладан біріншілік аурулар анықталып, 528 бала сауықтырылды, 58 бала диспансерлік есепке алынып,1124 балаға сауықтырулу жұмыстары жүргізілуде.