Created: 18 Тамыз 2022
539

ОСМС

1 МАУСЫМНАН МӘМС БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР 1414 АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ 1414 операторлары 9.00ден 21.00ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz сайты немесе Telegram @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «МӘМС жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады
МСАК ұйымдарына тіркеу бойынша туындаған сұрақтар Емханаға тіркелуге өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?  Электрондық үкімет порталы арқылы тіркеуге өтінім берген жағдайда, тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады ⁉️ Неліктен менің бүкіл отбасым бір отбасылық дәрігерге тіркелу керек?  Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету отбасылық бақылау принципіне негізделген. Отбасылық дәрігер бүкіл отбасының өмір салтымен, сондай-ақ оның әр мүшесінің мінез-құлқымен немесе тұқым қуалайтын ерекшеліктерімен таныс болғандықтан, дәрігерге осы отбасы мүшелерінің салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру, мүмкін болатын аурулардың алдын алу және емдеу оңайырақ болады. Осындай тәсілмен медициналық көмек көрсету кезінде оның сапасы да айтарлықтай артады ⁉️ Неге жақын жерге тіркелу маңызды?  Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) көрсетудің негізгі қағидаты – аумақтық қолжетімділік болғандықтан, пациенттерге бірінші деңгейдегі медициналық көмекті дәл жаяу қолжетімділік шегінде (15-20 минуттық жаяу жүру) алу неғұрлым ыңғайлы болады. Мұның артықшылығы-үйде медициналық көмек алу мүмкіндігін арттыру ⁉️ Мен бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле аламын ба? Тіркелу сіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз (ЖСН) бойынша жүзеге асырылатындықтан, сіз тек бір емханаға тіркеле аласыз, бұл ретте бұрынғы емханадан есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі ⁉️ Егер мен тіркеу науқаны кезінде өтініш білдірмеген болсам, мені басқа емханаға тіркей ме, әлде мен өзім тіркелген жерде қаламын ба? Егер сіз халықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға (15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін) тіркеу науқаны кезінде тіркелуге өтінім бермесеңіз, онда сіздің тіркелуіңіз өзгермейді және сіз өз емханаңызда медициналық көмек алатын боласыз ⁉️ Мен тіркелу науқаны кезінде басқа емханаға тіркеуге өтініш бердім, ол жерден қашан медициналық көмек ала аламын?  Егер сіз халықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға (15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін) тіркеу науқаны кезінде тіркелуге өтінім берсеңіз, онда сіз жаңа емханада медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ала аласыз #мәмс #осмс #тіркелу #прикрепление #мсак #пмсп


Пациенттерді қолдау қызметі қалай көмектеседі (ПҚҚ)? Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте медициналық қызметтер сапасының сараптамасына жіті назар аударылған. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізе алады.Ішкі сараптама медициналық ұйымның өзінде жүзеге асырылады, ол үшін пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтері (ІСҚ) құрылады. Пациенттерді қолдау қызметінің міндеті қандай?  ПҚҚ-нің міндеті көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сараптау, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Бұл өтініштер мен шағымдарды қарау, пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеу ПҚҚ-нің міндетіне кіреді. ⁉️ Пациент қай кезде ПҚҚ-ға хабарласа алады? Егер... сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етсе сізді учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартса учаскелік дәрігер / медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық қағидат бойынша бекітілген болсаңыз да, үйге шақырту қызметін көрсетпесе сіз бейінді маманнан кеңес ала алмай жүрсеңіз, себебі ол дәрігер жоқ немесе қабылдауға бір айға толық жазылған болсаңыз сізге денсаулығыңыздың көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілілмесе жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса, өзін талапқа сай ұстамаса сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз егер сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданатын болсаңыз сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтаған болсаңыз жалпы, сізді медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса пациентті қолдау қызметіне хабарлассаңыз болады  Көптеген жағдайлар жазбаша өтініш беруді қажет етпейді, бірақ пациенттің қолдау қызметі қызметкерінің іс-әрекеттерінің арқасында сол жерде шешіледі. #мәмс #осмс #пациенттердіқолдау #поддержкипациента

МӘМС енгізу тарихы

2014 жылғы 17 қаңтар – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында “міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені зерделеу қажет. Мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің оның денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызмет көрсетудің барлық жүйесінің басты қағидаты”.

2015 жылғы 6 мамыр – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі “100 нақты қадамды” белгіледі. Мәселен, осы жоспардағы 80-ші қадам Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді көздейді. Сондай-ақ мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (МСАК) басымдықпен қаржыландыру. Алғашқы көмек аурулардың алдын алу және оларға қарсы ерте күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.

2015 жылғы 16 қараша-Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында “міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы”ҚР Заңы қабылданды. Құжат мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидаты негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бөлігінде реформаларды іске асыруға бағытталған. Заң, атап айтқанда, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құруды көздейді.

2016 жылғы 13 мамыр – “денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” ШЖҚ РМК базасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру жөніндегі жобалық кеңсе құрылды.

2016 жылғы 23 тамыз-ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі”Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының жобасын әзірледі, ол жақын арада ҚР Үкіметінің қарауына енгізіледі.

 

Название Скачать
1 МӘМС туралы