Создано: 18 августа 2022
616

Гинекология

Бәйдібек  аудандық орталық ауруханасының акушерлік-гинекология бөлімшесінде жалпы 18 тәуліктік, 2 гинекологиялық күндізгі бөлім төсегі қызмет көрсетеді.Жүкті және босанушы әйелдерге арналған 10 төсек, жүктілік патологиясын емдеуге 8 төсек, гинекологиялық аурулар мен ерте мерзімдегі жүктілік ауруларын емдеуге арналған 8 төсек бар. Гинекология бөлімшесінде жасөспірім қыздардағы гинекологиялық сырқаттарды емдеуге арналған 2 төсек қарастырылған.Гинекология бөлімінже жедел және жоспарлы түрде жатыр мен жатыр қосалқыларына оталар жасалады- сальпингэктомия, жатыр ампутациясы, жатыр экстирпациясы; жүктіліктің 12 аптасына дейінгі медикаментоздық және хирургиялық үзу операциясы жасалады.

Акушерлік бөлім  физиологиялық босану және кез-келген патологиялық босану кезінде ана мен балаға шұғыл көмек көрсету үшін қажетті медициналық құрал- жабдықтармен қамтасыз етілген.Мерзімінен ерте және әртүрлі патологиямен туылған сәбилерге медициналық ем-шаралар жүргізу үшін   алғашқы реанимациялық көмек жиынтығы, жылыту жуйесі бар неонаталдық үстелдер, жасанды дем алдыру аппараттары, кувездер, фотолампалар, сорғыштар бар. Бөлімшеде 2 акушер-гинеколог, 2 неонатаолог дәрігер, 5 акушерка, 5 медбике және кіші буын қызметкерлері еңбек етеді.

Акушерлік бөлімшеде табиғи жолмен босануды қабылдау, қажет болған кезде жедел түрде кесарь тілігі және жоспарлы кесарь тілігі операциясы жасалады.

Босанғаннан кейінгі кезеңде ана мен баланың бірге болу палаталарында орналасады. Палаталарда жас босанған ана мен жаңа туылған нәрестеге барлық жағдайлар қарастырылған.