Создано: 16 сентября 2022
575

Хирургия

Хирургия бөлімі 23 төсек орынға арналған. Бөлім арнайы мамандандырылған хирургиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық және реабилитациялық көмек көрсетеді. Бөлімде 4 хирург, 1 травматолог және 1 нейрохирург қызмет атқарады.

Хирургия бөлімінде аталған ота түрлері жасалады:

  • Лапароскопиялық холецистэктомия
  • Шап, кіндік және вентральді жарықтарға пластика жасау, сонымен қатар проленді сетка қолдану арқылы жасау мүмкіндігі бар
  • Аппендэктомия
  • Варикоцелені емдеу
  • Геморройды емдеу
  • Травматологиялық ота түрлерін жасау
  • Шұғыл нейрохирургиялық ота (бас сүйек трепанациясы) жасау

Хирургия бөлімінде отадан кейінгі оңалтуға төсек ашылған. Травматологиялық және нейрохирургиялық оталардан кейін кешенді реабилитациялық ем жүргізуге мүмкіндік бар.

Бөлім меңгерушісі – Ғалиев Әсет Маратұлы, 12 жылдық еңбек өтілі бар І санаттағы хирург дәрігер.

Ем алуға жазылуға және қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефон номеріне хабарласа аласыздар.