Создано: 18 августа 2022
694

Неврология

 Бәйдібек аудандық орталық ауруханасында неврологиялық бөлімшесі 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді және бөлімше 1 –қабатта орналасқан.  Бөлімше 25 орынға есептелген, жыл сайын 1200‑1300 адамға дейін емделуде. Бөлімшеде бір,екі,бес орынды палаталар бар, әрқайсысында санитарлық талаптар бар. Пациенттер емхана дәрігерлерінің жолдамасымен немесе көрсетілімдер бойынша жедел жатқызылады.Неврологиялық бөлімшенің негізгі қызметі‑жүйке тамырларының шеткі және орталық жүйесі ауруларымен ауыратын аймақтың тұрғындарына жоғары білікті,  мамандандырылған, кеңестік, диагностикалық және емдік көмекті ұйымдастыру және көрсету.

  Бөлімшені 2016жылдан бері жоғары санатты дәрігер – Педенова Алия Педенқызы меңгереді.

  Ординатор‑дәрігері –невропотолог дәрігері Есенбаева Айжанар, сондай –ақ, бөлімшенің құрамына білікті орта және кіші медициналық қызметкерлер кіреді. Неврологиялық кешендегі келесідей дерттері бар науқастарға тексеру мен емдеу жүргізіледі:

Жүйке тамырларының шеткі жүйесі аурулары (остеохондроз,жүйкенің қабынуы,плексопатия);

Жүйке тамырларының орталық жүйесі аурулары (ми қан айналымының бұзылуы ‑өткінші ишемиялық өршу; сондай‑ақ, ми қан айналымының созылмалы бұзылулары – дисциркуляторлы ми дерті, болған инсульттердің салдары);

Демиелинизирлеуші аурулар (жайылған беріш(склероз), асқынған ми мен жұлынның қабынуы (энцефаломиелит,бүйірлі амиотрофиялық беріш және т.б);

Болған бас сүйек‑ми және омыртқа –жұлын зақымдарының салдары;

Бас ауруларының әртүрлі түрлері (бас сақинасы,күш түсірудің бас ауруы және т,б.);

Тұқым қуалаушы аурулар (миопатия,атаксия);

Талмалы ауру және қалшылдаған синдром;

Жүйке жүйесінің экстрапирамидалық зақымдануы (Паркинсон ауруы, эссенциалды тремор және т.б.);

Шығу тегі әртүрлі моно және поли жүйкелік дерттер;

Вегетативтік жүйке жүйесінің аурулары. Бөлімшеде жатқан науқастарға массажис және логопед мамандары қызмет етеді. Инсульт алған науқастарға осы мамандардың көмегі өте жоғары.

Мамандар тобы:

1.Дәрігер-невропатолог;

2.Логопед

3.Массажист