Created: 06 Сәуiр 2023
93

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

Приложение 1

Приложение 8 ценовое

Приложение 22 к приказу Типовой договор 2021 на каз

Приложение 22 к приказу Типовой договор 2021

 

Сатып алуды ұйымдастырушы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, заңды мекенжайы: Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы Әлжанов көшесі 19 үй, № 1 қосымшаға сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

Медициналық бұйымдарды сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, сатып алуға бөлінген сома) осы хабарландырудың № 1 қосымшасында (сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.       

Жеткізу мерзімі мен шарттары – Өнім беруші жеткізуді Тапсырыс берушіден өтінімді алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы А.Әлжанов көшесі 19 үй.

Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдау - тапсыру актісіне қол қойған және өнім беруші шот – фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

Әлеуетті өнім берушілердің конвертке салынған баға ұсыныстары жұмыс күндері ұсынылады. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 қаулысының   4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.

Өтінімдерді қабылдау басталатын күн: Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы Әлжанов көшесі 19 үй, мемлекеттік сатып алу кабинеті, жергілікті уақыт бойынша 03.04.2023 жылдан  10.04.2022 жылға дейін сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін).   

10.04.2023 жылы қабылдаудың соңғы уақыты сағат 10-00-ге дейін. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін 10.04.2023 ж. сағат 10:30-ға белгіленді.

Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі хабарландыруда, сатып алу туралы шарттың жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде көзделген сұрау салу талаптарына сәйкес оның тауарды беруді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мынадай құжаттарды қамтитын мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын ұсынады:

  1. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына жеткізуге байланысты барлық шығыстар, оның ішінде салықтар кіреді;
  2. рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растайтын рұқсат;
  3. ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 375 қаулысының 3 және 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі - хабарландыру) сатып алынатын медициналық бұйымдардың тізбесі (хабарландыруға № 1 қосымша), баға ұсынысының нысаны (хабарландыруға № 8 қосымша), үлгілік шарт қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

    Баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында әлеуетті өнім беруші:

    - әлеуетті өнім берушінің атауын, орналасқан жерінің мекенжайын, байланыс телефонын, электрондық мекен жайын;

    - сатып алуды ұйымдастырушының атауын, орналасқан жерінің мекенжайын;

    - әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын қатысу үшін тауарларды сатып алу атауын көрсетеді.

    - «_______дейін ашпаңыз (хабарландыруда немесе сұрау салуда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақытын көрсетеді)».

Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген баға ұсынысы бар конверт әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім ол бекітілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сатып алуды ұйымдастырушының www.baidibek-crb.kz интернет-ресурсында жарияланады.

Туындаған сұрақтар бойынша 8 (72548) 2-16-24 нөміріне хабарласыңыз.